Пациттің есіне салу
Құрметті науқас!
Сіз ШҚО ДСБ "Өскемен қаласы №4 қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК стационарлық емделуде тұрсыз. Барынша оң емдік әсерге қол жеткізу мақсатында стационарлық емдеу кезінде қатаң сақталуы тиіс біздің ауруханада болу ережесімен танысыңыз:
- Стационардағы киім формасы кең, үйдегідей, бірақ міндетті түрде ауыстырмалы аяқ киім, жеке асхана құралдары және жеке гигиена құралдары болуы қажет.
- Аурухана ішінде сыртқы киіммен жүруге, сондай-ақ оларды палаталарда сақтауға тыйым салынады. Ауруханаға жатқызу кезінде сыртқы киімді аурухана гардеробына тапсыруға кеңес береміз;
- Ауруханада үлкен көлемде ақша, құндылықтар, зергерлік бұйымдарды сақтау ұсынылмайды. Сонымен қатар, әкімшілік ауруханада қараусыз қалдырылған құнды заттардың сақталуына жауапкершілік алмайтынын хабарлайды.
- Біздің аурухананың аумағында темекі шегуге тыйым салынған. Тыйым салуды бұзған жағдайда науқас стационардан мерзімінен бұрын шығарылады және белгіленген мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.
- Біз сіздің қауіпсіздігіңізге алаңдаймыз, сондықтан №4 Қалалық ауруханада электр шәйнек, үш тармақты электр құралы мен ұзайтқыш қолдануға тыйым салынған. Сонымен қатар бөлімше меңгерушінің рұқсатынсыз жеке тұрмыстық электр аппаратурасын орнатуға болмайды.
- Науқастардың жарақаттануын болдырмау үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аурухана ғимаратына, жертөлеге баруға тыйым салынған.
- Есіңізде болсын! Аурухана бөлімшелерінде дәкені, мақтаны, қағазды унитаздар мен шұңғылшаларға лақтыруға тыйым салынады, өйткені олар кәріз жүйесінде кептеліс тудырады, олар одан әрі сіздің бөлімшеде болу сапасына әсер етеді.
- Біздің аурухананың қабырғасында спирттік ішімдіктерді, есірткі және уытты заттарды сақтауға және пайдалануға, алкогольдік және есірткілік мас күйінде жүруге қатаң тыйым салынған.
- Ауруханада кез келген түрдегі фото және бейне түсіруге аурухана медицина персоналының рұқсатынсыз түсіруге тыйым салынған.
- Науқастың тыныштығы мен тыныштық күйі – бұл емдеу нәтижесіне оң әсер ететін факторлар. Сондықтан стационарда болу кезінде барлық дәрігерлік тағайындауларды және тәртіп ережелерін нақты орындау қажет.
- Ақылы қызметтер біздің емдеу мекемемізде жасалған шарт (және қазыналық түбіртек) болған жағдайда қатаң түрде бекітілген баға көрсеткіші бойынша жүргізіледі. Төлемді келісімшартта көрсетілген қызметтер алынғанға дейін науқас өздігінен аурухананың кассасына төленуі қажет.
- Аурухананың жедел медициналық көмек бөлімшесінде және мамандандырылған бөлімшелерінде науқастарға диагноз мен емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен таңғыш материалдар беріледі.
Науқастың өтініші бойынша, оның жазбаша келісімімен, аурухананың емдік формасына енгізілмеген немесе негізгі аурудың нәтижесіне әсер етпейтін сәйкес келетін патологияны емдеу үшін сатып алынатын дәрілерді қолдануға рұқсат етіледі.
Демалыс уақыты – сағ.14.00 бастап 16.00-ға дейін. Ұйқыға кету – сағ. 22.00.
Тыныш сағат, түнгі ұйқы кезінде науқастар палатада болуы тиіс, палатадан палатаға баруға, дауыстап сөйлесуге және басқа науқастардың тыныштығын бұзуға болмайды.
Назар аударыңыз! Бөлімшеден өз бетімен кеткен кезде, ішкі тәртіп ережесін мен режимді орындамаған жағдайда, науқастар режимді бұзғаны үшін ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бұл ретте, егер еңбекке жарамсыздық парағы тағайындалса, онда оған режимді бұзғаны туралы белгі енгізілуі мүмкін.