№4 Қалалық аурухана

Қазақстан, Өскемен, ⠀Серікбаев к-сі, 1/4
+7 (7232) 51 20 30
+7 (7232) 52 70 92

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

Біздің ауруханада ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 58 бабына сәйкес медициналық қызметтердің сапасын үнемі жетілдіру, медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін анықтау мақсатында, пациенттерге медициналық көмек көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін анықтау, емханада медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды.

Егер Сіз:

  • медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;
  • медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынаста болсаңыз;
  • медицина қызметкерлерінің тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақша қаражатын бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
  • сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Сіз ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және бес күнтізбелік күннен кешіктірмей Сіздің ұсынысыңызды қарастыру нәтижелері бойынша ақпарат береді.

Пациенттерді қолдау қызметіне Сіз Жеке және телефон арқылы хабарласа аласыз

Медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары  Бексеитова Альфия Нуртазаевна

Телефон: +7 (7232) 74 06 62

Электрондық пошта: alfia_70@mail.ru

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу