№4 Қалалық аурухана

Қазақстан, Өскемен, ⠀Серікбаев к-сі, 1/4
+7 (7232) 51 20 30
+7 (7232) 52 70 92
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Онкологиялық операцияларды жүргізу


Өскемен қаласының №4 Қалалық ауруханасында онкологиялық операциялар жүргізу

Аурухана басшылығы мен хирургиялық бөлімше қызметкерлерінің бірлескен бастамасы бойынша біздің медициналық ұйым бұрын ауруханада өткізілмеген онкологиялық операцияларды жүргізуге лицензиялық құқық алды.  

Операцияларды облыста аты шыққан хирург-онколог, Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің торакальды хирургия бөлімінің экс-меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісінің иегері Бақытбек Баталов жүргізеді.

Бақытбек Жеңісбекұлы берген жеке құжаттар жинағына сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіндегі ауруханадағы жаңа дәрігерднің еңбек өтілі 25 жылды құрайды және кәсіби біліктілік деңгейінің үнемі жоғарылауымен сипатталады.

Осылайша, хирургиялық бөлімшенің жаңадан ашылған бағытының арқасында науқастар №4 қалалық ауруханаға кез келген күрделілік деңгейіндегі онкологиялық ауруларды емдеу және кеңес беру үшін қаралуға мүмкіндігі бар. 

Толық ақпарат алу үшін Б. Ж. Баталовтың жеке өзіне мына мекенжай: Серикбаев к-сі 1/5 (4-ші қабат) бойынша орналасқан аурухананың хирургиялық бөліміне немесе көрсетілген ұялы телефон нөміріне 8 777 390 60 97 қоңырау шалып хабарласа аласыз.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу