№4 Қалалық аурухана

Қазақстан, Өскемен, ⠀Серікбаев к-сі, 1/4
+7 (7232) 51 20 30
+7 (7232) 52 70 92
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

№4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сергей Александрович Поповтың тәуелсіздік күнімен құттықтау сөзі


Құрметті әріптестер, емделушілер, қымбатты достар! Сіздерді еліміздің басты ұлттық мерекесі - ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бүгінгі қуанышты күнде біз мемлекетіміздің 28-ші Тәуелсіздігін атап өтудеміз. Тәуелсіздік - тарихымыздағы ең үлкен жетістік! 28 жыл бұрын Қазақстан өзін алғаш рет егеменді ел ретінде жариялап, өзіндік көзқарасы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын қайта жаңғырта отыра, болашаққа нық қадаммен аттады! Өткенге көз жүгіртсек еліміз 28 жыл аралығында бостандыққа және тәуелсіздікке құқығын айқындады. 

Қәзіргі таңда мемлекетіміздің медицина саласы қарқынды дамуда. Бұл бір ел болып, әуелгі байлық денсаулығымызды нығайтып, сау ұрпақтың өсуіне ықпал жасайтын ізденістер мен бағдарламалардың жүзеге асырылуы нәтижесі. Қазақстандық ауруханалар ақпараттық және роботталған замануи жоғары технологиялармен қамтамасыз етілуде.

Бүгінгі мерекелі күнде Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасында еліміздің деңсаулық сақтау саласына үлесін қосып, адал еңбек етіп жүрген әріптестерімді, сонымен қатар, жас буын Тәуелсіздігіміздің құрдастары хирург дәрігері Қуаныш Сеитов, гинеколог-акушер Дарья Шевченко, эксперт дәрігері Іңкәр Байгереева және ревматолог дәрігері Камшат Ержанованы шын жүректен атаулы мерекемізбен құттықтаймын!  

Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу